Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Астана қаласы, Сарыарқа ауданы,Көктал-1 ш.а., Бәсіре тұйық к-сі, 2
300-500
300-345
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ «№ 61 «ШОЛПАН» БАЛАБАҚШАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ КӘСІПОРНЫ
Астана қаласы әкімдігі

Мектепке дейінгі ұйымның миссиясы

  • Заман талабына сай салауатты жас ұрпақ қалыптастыру

мақсаты

  • Дені сау, бойында ой-өрісі дамыған жан-жақты тұлға тәрбиелеу

Міндеттері

  • Баланың жан-жақты дамуына, салауатты өмір салтының негіздерін қалыптастыруына жағдай жасау;
  • Педагог кадрлардың кәсіби біліктілігін арттыру;
  • Ата-аналардың білім беру жүйесіне қанағаттануы;
  • Материалдық-техникалық базаны нығайту.

Витуалды қабылдау

4.Біз туралы:

Құрметті ата-аналар!

Астана қаласы әкімдігінің №61 «Шолпан» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 2011 жылы желтоқсан айында ашылған. Балабақша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды жүзеге асыратын мемлекеттік білім беру ұйымы болып табылады.

Мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы қолданыстағы заңнамаларына, сондай-ақ мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту стандартына сәйкес жүзеге асырады.

Балабақшада 12 топ жұмыс жасайды. Тәрбие мен оқыту үдерісі мемлекеттік тілде жүргізіледі.

Балабақшаның негізгі мақсаты – Дені сау, бойында ой-өрісі дамыған жан-жақты тұлға тәрбиелеу.

Білім беру үдерісі бекітілген оқу бағдарламалары негізінде ұйымдастырылып, білікті әрі тәжірибелі педагог кадрлармен жүзеге асырылады. Педагогикалық ұжым тәрбиеленушілердің өмірі мен денсаулығын қорғауға, қауіпсіз және қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруға ерекше назар аударады.

Балабақшада дамытушы пәндік-кеңістіктік орта жасақталған, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды дәріптеу, мемлекеттік тілді меңгерту, мәдени-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіледі.

Мекеме ата-аналармен өзара ынтымақтастықта жұмыс істей отырып, балалардың толыққанды дамуына және сапалы мектепке дейінгі білім алуына жағдай жасауға бағытталған.

№61 «Шолпан» балабақшасы балалардың жан-жақты дамуы мен сапалы тамақтануын қамтамасыз ететін заманауи білім беру мекемесі. Мұнда әр бала жеке тұлға ретінде қарастырылып, жас ерекшеліктері мен қызығушылықтары ескеріліп, шығармашылық және қауіпсіз ортада тәрбиеленеді.

 

Біз әрдайым балалардың дамуын қолдауға, ата-аналармен сенімді ынтымақтастық орнатуға және мектепке дейінгі білім беру мен тәрбие сапасын қамтамасыз етуге дайынбыз.

Әкімшілік

Басшылық және басқару

Астана қаласы әкімдігінің №61 «Шолпан» балабақшасы» МКҚК қызметін басқару Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Балабақшаның оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру, кадрлық және әкімшілік-шаруашылық қызметін үйлестіру мекеме әкімшілігінің құзыретіне жатады.

Құрылым және басқару

Балабақшаны басқару Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.

Басқару құрылымы

Балабақшаны басқару бірізділік, ашықтық және жауапкершілік қағидаттары негізінде жүзеге асырылады. Әкімшілік қызметі тәрбиеленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, білім беру қызметінің сапасын арттыруға және санитариялық талаптардың сақталуына бағытталған. Мекеме қызметін басқаруды тәжірибелі әрі білікті әкімшілік ұжымы жүзеге асырады. Әрбір қызметкер білім беру сапасын арттыруға және тәрбиеленушілерге қолайлы жағдай жасауға жауапты.

Қауіпсіздік пен сапа кепілі

№61 «Шолпан» балабақшасының әкімшілігі оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруды, балалардың қауіпсіздігі мен дамуына қолайлы орта қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

Негізгі құндылықтарымыз

№ 61 «Шолпан» балабақшасының әкімшілігі – балалардың қауіпсіздігіне, сапалы тәрбиесіне және ата-аналармен тығыз ынтымақтастыққа бағытталған біртұтас команда.

Меңгеруші: Ахмет Әйгерім Серікқызы

Әдіскер:

Инновация әдіскер: Кульджанова Галина Баткуловна

Шаруашылық меңгерушісі: Абдыгалиева Анар Айтбаевна

Медбике: Рамазанова Асель Дулатовна

Хатшы: Абдильманова Асем Еркиновна

Дәмбикесі:

№61 «Шолпан» балабақшасының әкімшілігі – балалардың қауіпсіздігіне, сапалы тәрбиесіне және ата-аналармен тығыз ынтымақтастыққа бағытталған біртұтас команда.

Ұжым

Астана қаласы әкімдігінің №61 «Шолпан» балабақшасы МКҚК

2025-2026 оқу жылындағы педагогтердің тізімі

 

Педагогтердің аты-жөні

лауазымы

1

Ахмет Әйгерім Сериковна

Меңгеруші

2

Кульджанова Галина Баткуловна

Инновация әдіскері

3

Каратаева Данагуль Бериковна

психолог

4

Смагулова Гүлдана Аскаровна

Музыка жетекшісі

5

Орынбасар Кенжегүл Орынбасарқызы

Музыка жетекшісі

6

Төлебай Ләзиз Әлішерұлы

Дене тәрбиесі маманы

7

Юсупова Жадыра Алибековна

Жүзу нұсқаушы-сы

8

Орынбаева Бибігүл Махсетбайқызы

тәрбиеші

9

Адетхан Раушан

тәрбиеші

10

Аусарова Айсулу Советовна

тәрбиеші

11

Прназарова Рана Амирбаевна

тәрбиеші

12

Шакиржанова Арайлым Каиржановна

тәрбиеші

13

Абишева Ұлбосын Парахатовна

тәрбиеші

14

Нурлыбаева Жанаргуль Толеубаевна

тәрбиеші

15

Саркытбаева Бақытгүль Аманжоловна

тәрбиеші

16

Белялова Мадина Темиржанқызы

Тәрбиеші

17

Шименбаева Аяжан Сәлімқызы

Тәрбиеші

18

Тұрсынбай Аяулы

Тәрбиеші

19

Нурбаева Камшат Максатовна

тәрбиеші

20

Тугизбаева Зауре Амиралиевна

тәрбиеші

21

Әбиір Сымбат Мұхалиханқызы

тәрбиеші

22

Молбасова Асемгуль Кулановна

тәрбиеші

23

Жақсыбаева Қарлығаш Кошкарбаевна

тәрбиеші

24

Сапарғали Тоғжан Бауыржанқызы

тәрбиеші

25

Смагулова Асемгуль Кайруловна

тәрбиеші

26

Каратаева Динара Салимжановна

Логопед

27

Жанузакова Фарида Болатовна

Тәрбиеші

28

Куланова Куралай Кадыровна

Дене тәрбиесі маманы

29

Ешкенова Гульнар Каженовна

тәрбиеші

30

Жунусова Гүлден Жайсановна

Қазақ тілі маманы

31

Боранбаева Ақерке Мухамедовна

Қазақ тілі маманы

32

Хамзина Акбота Амангельдықызы

тәрбиеші

 

№ 61 «Шолпан» балабақшасының 2025-2026 оқу жылында

жүргізілетін оқу-тәрбие жұмысының бағыты

Мақсаты: Әр баланың қызығушылықтарын, ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, ауызекі сөйлеуді, сөздік қорды қалыптастыру, жалпы адами және ұлттық құндылықтар негізінде оларды толыққанды дамыту.

Міндеттері:

* Балаларды көгалдандыру және ландшафтық зерттеу жұмыстарына жас ерекшеліктеріне

сай тарту.

* Табиғатты бақылау, өсімдіктерді күтіп-баптау арқылы балалардың танымдық және

шығармашылық қабілеттерін дамыту.

* Балалардың денсаулығын нығайтуға бағытталған табиғи ортадағы іс-әрекеттерді

ұйымдастыру.

* Қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, қолайлы және дамытушы білім беру ортасын

қалыптастыру.

* Балаларға экологиялық тәрбие беру, табиғатқа ұқыпты қарау дағдыларын қалыптастыру.

* Оқу-тәрбие жұмысын жүйелі, жоспарлы түрде жүргізу.

* Ата-аналар мен педагогтердің бірлескен жұмысын ұйымдастыру.

Педагогтардың білімдері бойынша сапалық құрамы 32 педагог, оның 22 жоғары білімді, 10 арнайы орта білімді.

МЖМБС және МДТО үлгілік оқу бағдарламасының талаптарына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын орындауды қамтамасыз ететін №61 «Шолпан» балабақшасында барлығы 32 педагог қызмет атқарады, оның ішінде 21 тәрбиеші және меңгеруші мен әдіскерлерді қоса алғанда 9 педагог мамандар жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы мен балабақша Жарғысына сәйкес, педагогикалық ұжым білім ұйымдастыру басшысымен қалыптастырылады. Педагогикалық кадрларға қабылдау

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығы негізінде басқарушы мен педагогикалық жұмысшы арасында жасалған еңбек шарты бойынша жүзеге асады. 2025-2026 оқу жылындағы педагогтердің құрамы:

* Меңгеруші-1;

* Инновация әдіскері-1;

* Музыкалық жетекші-2;

* Дене шынықтыру нұсқаушысы-2;

* Педагог-психолог-1;

* логопед-1

* Қазақ тілі-1;

* Тәрбиешілер-21